Біз туралы

Біз туралы

Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Кәсіпкерлік және инвестициялар, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, Алматы қаласы бойынша Индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы н іске асыру, туристік қызмет саласындағы мәселелерді үйлестіреді.

Өнеркәсіп, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, көріктендіру, көгалдандыру, табиғатты пайдалану және экология саласындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және өзге де ұйымдармен келісілген түрде қызмет етуді және өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

Мыналардың қызметіне басшылық етеді:

  1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы;
  2. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

Мыналардың қызметіне жетекшілік етеді:

  1. «Алматы» ӘКК» акционерлік қоғамы;
  2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринария қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  3. «Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі;
  4. «Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі.

Мыналардың жұмысын ұйымдастырады:

  1. Алматы қаласының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссиясы;
  2. Алматы қаласының инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;
  3. Алматы қаласының қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;
  4. Алматы қаласының кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссиясы;
  5. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия;
  6. Халықаралық эпизоотиялық бюро сарапшыларының инспекция жүргізуі жөніндегі қалалық штаб;
  7. Жануарларға және адамдар денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қою және жою, не жануарларға және адамдар денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды алып қоюсыз залалсыздандыру және қайта өңдеу кезінде өтеуге жататын құнды айқындау жөніндегі комиссия;
  8. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Іскерлік кеңес;
  9. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі;
  10. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі.
  11. Алматы қаласының жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссиясы;
  12. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде гранттарды ұсынуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия;
  13. Алматы қаласының инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңесі;
  14. Жылыту кезеңіндегі жұмысқа қалалық шаруашылықты дайындау жөніндегі штаб;
  15. Алматы қаласында бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру үшін мемлекеттік функцияларды белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы;
  16. «Жалғызілікті зейнеткерлерге, мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған әлеуметтік тұрғын үй дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қоныстандыру жөніндегі комиссия;
  17. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі;
  18. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия;
  19. Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясы;
  20. Алматы қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия;
  21. Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге