Инвестор нұсқаулығы

Салық салу

САЛЫҚ САЛУ


Қазақстан Республикасында мынадай ставкалары бар салық түрлері мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер қолданылады.

Салық түрін таңдаңыз
*Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
1) Салық салынатын табыс – 20%;

2) Төлем көзіне салынатын табыс – 15%;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның табысы - 15%.

222,223,313 және 652 баптар

1) Мемлекеттік мекемелерді және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;

2) Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
1) Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кіріс 10%, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады;

2) Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кіріс 10%.

316, 318, 320 баптар

1) Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Салық салынатын айналым – 12%

Салық салынатын импорт - 12%

82,83,367,422 баптар

Бір күнтізбелік жыл ішінде айналым 30 000 АЕК артқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою міндетті (ҚР СК 82-бабы)

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

Бұл тұлғалар орналасқан жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

 

Ерікті ҚҚС тіркеу

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Объектілер

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және осы аумаққа импортталатын мына тауарларға акциздер салынады:

1) спирттің барлық түрлері;

2) алкоголь өнімі;

3) темекі бұйымдары;

4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық;

5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

6) моторлы көлік құралдары;

7) шикі мұнай, газ конденсаты;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім.

Тарифтер

Акциздер мөлшерлемелері физикалық тұрғыда өлшем бірлігі үшін абсолютті мөлшерде белгіленеді.

Мысал: 600 теңге / литр

ҚР СК 361-363 баптары

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

2) Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;

4) ҚР Салық кодексінің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген және олар бойынша акциз Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын төленбеген, Қазақстан Республикасының аумағында тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;

5) ҚР СК 462-бабында көрсетілген және олар бойынша акциз Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын төленбеген, акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;

6) ҚР СК 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

2. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акциз төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Нысандар:

Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі

Тарифтер

Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы бір барелль мұнайдың әлемдік бағасының Негіздеменде пайыз бойынша есептеледі. Мысал:

Бір баррель үшiн 20 АҚШ долларын қоса алғанға дейін – 0%;

Бір баррель үшiн 200 АҚШ долларын қоса алғанға дейін – 32%

Көмірді экспорттау уақытында, экспортқа рента салығы 4,7 пайыз ставкасы бойынша есептеледі.

713,714,716 баптар

Экспортқа рента салығын төлеушілер келесіні экспортқа өткізетін заңды және жеке тұлғалар болып табылады:

1) шШикі мұнайды және шикі мұнай өнімдері.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосымша позициясында сыныпталатын тауарлар;

2) көмір.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

1) қол қою бонусын;

2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;

3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;

4) роялтиді;

5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;

6) пайдалы қазбаларды өндiру салығын;

7) үстеме пайда салығын қамтиды.

ПҚӨС объектілері:

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі.

ПҚӨС ставкасы:

Өндіру объектісіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері тіркелген.

Үстеме пайда салығының объектілері

Жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза кірісінің бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

Ставкалар

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығын ҚР СҚ 762-баптағы тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шәкілі бойыншаесептеледі.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық ставкалары

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық ҚР СК 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 85-тарау

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 86-тарау

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 87-тарау

ПҚӨС

Кен іздеушілікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде олар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмірсутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.

Үстеме табыс салығы

Жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салық

Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт;

2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде өндіруге немесе барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кен жатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша өндіруге және (немесе) барлауға және көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына қолдануға құқылы.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Объектілер:

1) Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны оңайлатылған декларация Негіздеменде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін салық салу объектісі болып табылады;

2) Жұмысшының табысы бойынша жұмыс берушінің шығындары мыналар үшін

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;

тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.

Ставкалар

2018 жылдың 1 қаңтарынан 9,5 пайыз;

2025 жылдың 1 қаңтарынан 11 пайыз.

Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

482,484,485 баптар

1) дара кәсiпкерлер;

2) жеке практикамен айналысатын адамдар;

3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;

4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;

5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Объектілер

Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

Мөлшерлеме

Көлік құралдарына салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленіп ҚР СК 492-бабында көрсетілген тәртіпте есептеледі.

ҚР СҚ 13-бөлімі

1) меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;

2) меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Объектілер

Ғимараттар, қондырғылар, активтер

Мөлшерлеме:

Заңды тұлғалар:

ҚР СК бекітілген ставкалар бойынша салық салу объектісінің құны бойынша есептеледі.

Заңды тұлғалара:

салықтық базаға 1,5%

оңайлатылған декларация Негіздеменде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға 0,5 пайыз

ҚР СК 15 бөлімі

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;

4) ҚР СК 518-бабында көрсетілген тұлғалар.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Объектілер:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатордың кассасы;

4) тотализатордың электрондық кассасы;

5) букмекерлік кеңсенің кассасы;

6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.

Салық мөлшерлемелері:

1) ойын үстелі – айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;

2) ойын автоматы – айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;

3) тотализатордың кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;

4) тотализатордың электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;

5) букмекерлік кеңсенің кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;

6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.

ҚР СК 16-бөлімі

Ойын бизнесі салығын төлеушілер:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Нысандар мен ставка Негіздеме* Төлеушілер
Салық салу объектісі:

Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi)

Ставкалар:

Жер санатына байланысты базалық салықтық мөлшерлеме бекітіледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде белгiленедi:

1) 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда алаң болған кезде – 0,01 гектар үшiн 20 теңге;

2) 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

ҚР СК 498,500, 503-510 баптары

1. Жерді пайдалану құқығына байланысты салық салу объектiлерi бар келесі тұлғалар:

1) жеке меншiк құқығында;

2) тұрақты жер пайдалану құқығында;

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.⁠
Бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер:
I. Мемлекеттік баж салығы; II. Алымдар:
  1. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) қайта ресімдеу үшін алымдар
  2. Тіркеу алымы;
  3. Қазақстан Республикасының аумағынан көлік құралдарының өтуі үшін төлем;
  4. Аукцион алымдары;
  5. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алым;
  6. Телерадио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін комиссия;
  7. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
III. Төлемақы :
  1. жерді пайдалану үшін;
  2. жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалану үшін;
  3. қоршаған ортаға эмиссия үшін;
  4. жануарларды пайдалану үшін;
  5. орманды пайдалану үшін;
  6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшін
  7. радиожиілік спектрін пайдалану үшін
  8. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы телефон байланысымен қамтамасыз ету үшін
  9. кеме жүзетін су жолдарын пайдалану үшін
  10. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін
АҚПАРАТ ҮШІН:
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
  1. ең төменгі жалақы 28 284 теңге;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 15 274 теңге;
  3. ең төменгі зейнетақы 33 745 теңге;
  4. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеңілдіктер мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтар мен басқа төлемдерді қолдану - 2 405 теңге;
  5. негізгі әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері - 28 284 теңге.

Қазақстандағы жеке кәсіпкерлер үшін салық режимдері

Тиісті салық режимін ЖК ретінде тіркеу есебіне алынған уақытта салықтық өтінім берген кезде орындау қажет.

Бұл ретте, арнайы салықтық режим таңдалмаған уақытта, жаңадан құрылған ЖК салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен (арнайы салықтық режимге кезекті өту жалпы бекітілген тәртіпті қолданудың бір жылдық күнтізбесінен кейін ғана мүмкін болады) келісті деп есептеледі.

Салықтық өтінімде қағаз тасымалдағышта немесе электронды нысанда ұсынылмаған, оның ішінде, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы арнайы салықтық режимі, патент бойынша есеп таңдалған жағдайда, ЖК салық органдарында тіркелген уақыттан бастап, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салықтық режим қолданылады.

Қазақстанда ЖК іске асыру үшін келесі салық салу режимдері қолданылады
1. Жалпы бекітілген тәртіп;
2. Арнайы салықтық режим:
2.1. Патент
2.2 Жеңілдетілген декларация;
2.3 Ауылшаруашылық және фермерлік шаруашылықтар үшін арнайы салықтық режим;

Арнайы салықтық режимді мыналар қолдана алмайды:
1) 1) Келесі қызмет түрін іске асыратын ЖК:
  • Акциздік тауарларды өндіру;
  • Акциздік тауарларды сақтау және көтерме сауд;
  • Бензин, дизельдік отын және мазут сияқты мұнай өнімдерінің жеке түрлерін жүзеге асыру;
  • Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу (ұлттық) мемлекеттік лотереядан басқа);
  • Жер қойнауын пайдалану;
  • Шыны ыдыстарын жинау және қабылдау;
  • Металл қалдықтарын және түсті және қара металлдарды жинақтау, сақтау, өңдеу және іске асыру;
  • Кеңестік қызметтер;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет;
  • Қаржылық, сақтандыру қызметі және сақтандыру брокерлері мен агенттіктерінің делдалдық қызметі;
  • Заң, құқық және сот төрелігі саласындағы қызметтер.
2) басқа тұрғылықты мекен-жайларда жеке құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілер;
3) агенттік келісім-шарттар негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілер.

Салық режимін қолдану шарттары

Патенттің Негіздеменде арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкер жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегін пайдаланбауы керек және салық кезеңінің ең жоғарғы табысы ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспауы керек (6857700 теңге). ҚР ҚМ 429-бабы. Салық есептілігін ұсынудың соңғы мерзімі: күнтізбелік жыл (Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 430-бабы)

Ерекше оңайлатылған декларациямен салық кезеңі ішінде қызметкерлердің шекті орташа саны 25 адамды құрайды, оның ішінде жеке кәсіпкердің өзі және салық кезеңі үшін шекті кіріс ең төменгі жалақы 1400 есе (3 206 200 теңге) құрайды. ҚР-ның 433-бабының 1) тармақшасы. Жылдың бірінші жартысында СОНО-ға есеп беру мерзімі ағымдағы жылдың 15 тамызы, ал екінші жартыжылдықта СОНО-ға есеп беру мерзімі келесі жылдың 15 ақпанына дейін.

Жалпы іс-шаралар күнтізбесі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін (Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 148-бабы)

Патенттелген арнайы режимнің ерекшелігі патент берілген кезде барлық салықтарды бір мезгілде төлеу болып табылады, салықтық чектерді шығарудың қажеті жоқ, кассалық тіркелімге қажеттілік жоқ және салық есептемесі іс жүзінде жоқ. Ал оңайлатылған декларация Негіздеменде арнайы режимде салық алдын-ала төлеммен емес, патент бойынша төленгеннен кейін төленеді.

Салық төлеушілерге ақпарат алу үшін әртүрлі режимдегі салықтар:
  • Патент
    • ИИТ декларацияланған табыстың 2% (ҚР Салық кодексінің 432-бабы);
    • Ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар
    • 2-бөлім, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 14-бабында 4-бөлік, әлеуметтік тапсырмаларды есептеу және беру ережесінің 4-бөлімі;
    • Зейнетақы жарнасының декларацияланған табысының 10% -ы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабының 3-тармағы).
  • Жеңілдетілген декларация
    • IIT жалпы кірістің 3% - табыс (ҚР Салық кодексінің 436-бабы);
    • Жеке кәсіпкер үшін және әрбір қызметкер үшін ең төменгі жалақының 5% мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 14 бабы 2 тармағы, Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару Ережесінің 4 тармағы);
    • Жеке кәсіпкер үшін және қызметкерлер үшін кірістің 10% мөлшерінде зейнетақы жарнасы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабының 3-тармағы).
  • Жалпы тәртіп
    • ИИТ кіріс сомасының 10% (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 158-бабының 1-тармағы) Сонымен қатар, салық салынатын табыс - кірістерді алу үшін кірістер мен шығыстар арасындағы айырма; o жеке кәсіпкер үшін 2 АЕК көлеміндегі әлеуметтік салық және әр қызметкер үшін 1 АЕК (2-бөлім, ҚР Салық кодексінің 358-бабы);
    • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудың ең аз айналымы АЕК-нің кез келген кезеңіне (12 айдан артық емес) 30 000 есе асатын болса, 12% ставка бойынша ҚҚС (268-баптың 1-тармағы, 5-тармақ 568 ҚР ҰҚ);
    • Жеке кәсіпкер үшін және қызметкерлер үшін кірістің 10% мөлшерінде зейнетақы жарнасы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 25-бабының 3-тармағы).
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге