Медиа орталық

Алматы қаласы

Алматыда сарапшылар инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері туралы баяндап берді

Алматыда сарапшылар инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері туралы баяндап берді

Аймақтық деңгейде инвестициялық қолдаудың өзекті мәселелері Алматы қаласында өткен Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының мемлекеттік органдары және ұйымдарының өкілдері үшін ұйымдастырылған тренинг аясында талқыланды.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Kazakh Invest) өкілдері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгертулер, инвестицияларды құқықтық қорғау, АХҚО-ның қолдау шаралары және invest.gov.kz инвесторлары үшін Бірыңғай ұлттық интерактивті интернет-ресурстың мүмкіндіктері туралы мәлімдеп берді.

Атап айтқанда, баяндамашылардың бірі - Kazakh Invest-тің Сервистік қолдау және инвестициядан кейінгі мониторинг департаментінің жобалық менеджері Алида Түйебекова, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестициялар тартудың маңызды аспектілері туралы хабарлады. Мәселен, менеджердің айтуынша, еліміздің бүкіл инвестициялық ахуалын қалыптастыратын құрамдас бөліктері бүгінгі күні инвестиция тартудың негізгі құралы болып саналады. «Бірінші кезекте бұл мемлекеттік қолдау шаралары: инвестициялық преференциялар, жабдықтарды, шикізат пен материалдарды бажсыз импорттау түріндегі салық жеңілдіктері, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін жер телімін беру. Екіншісі - еңбек ресурстарының қолжетімділігі, үшіншіден ішкі нарық әлеуетінің жоғары деңгейі және өнімін экспорттау үшін салынған инфрақұрылымы», - деп атап өтті эксперт.

Іс-шараның мақсаты инвестицияларды тарту және қолдау саласындағы «бір терезе» бойынша жұмыс істейтің ұйымдар үшін бірыңғай ақпараттық алаң құру.

«Бұл платформа еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін өте тиімді. Бұл алаңда мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде аймақтық, сондай-ақ инвестиция салуға мамандандырылған департаменттер инвесторлармен жұмыс істеу кезінде туындаған мәселелерді шешуге тәжірибе жинай алады», - деді семинардың қатысушысы, АХҚО Экспат Орталығы басшысының орынбасары Олжас Букенов.

Сондай-ақ, тренинг барысында топтық жұмыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс жүзінде Қазақстандағы инвестициялық қызмет барысында кәсіпкерлерде туындайтын симуляцияланған мәселелерді шешті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге